Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысының полицейлері балалармен бірге Флешмоб ұйымдастырып, бейбітшілік құсын ұшырды

02 маусым 2023, 12:35

"1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай облыс орталығының тәртіп сақшылары адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Оқушылар сарайына» арнайы барып, ондағы өнерпаз жас жеткіншектерімен көңілді уақыт өткізді. Балалармен сұқбаттасып, олар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар кездесу соңында флешмоб ұйымдастырылды. Яғни заманауи би түрлерін ұсынған балалардың ортасына полицейлер шығып, барлығы бірге аспанға «бейбітшілік құсы» аталып кеткен көгершіндер ұшырып, ерекше көңіл-күй орнады.
Өз кезегінде балалар полицей аға-әпкелерімен есте қаларлық уақыт өткізгеніне қуанып, ризашылықтарын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі