Ел жаңалықтары

Түркістан туралы бірегей еңбек жарық көрді

  • Түркістан туралы бірегей еңбек жарық көрді

    Түркістан туралы бірегей еңбек жарық көрді

Түркістан облысында Елбасы –Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың түркі әлеміндегі орны мен Түркістан облысын құрудағы тарихи рөлі ескеріле отырып, «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім жобасы және түрколог ғалымдардың Түркістан атауына қатысты ғылыми ізденістері мен идеялық концепциясы» жобасының аясында, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Түркістан тұлғасы» деп аталатын бірегей ғылыми еңбек жарық көрді.

Аталмыш еңбектің авторлары – белгілі түрколог ғалымдар А.Жалмырза, Б.Ғабдулина, Қ.Жанпейісова. Айта кететін жайт, ғылыми ортада өз ізденістерімен ерекшеленген ғалымдар бүгінгі таңда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ еңбек етеді. Біршама ғылыми монографиялар мен еңбектердің авторларына айналып үлгерген олар бүгінгі таңда ұсынып отырған еңбектеріне де аз ізденбегендерін жасырмады. Осы орайда, биыл ғана жаңадан құрылған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы ғылыми бағытта да біршама істерді қолға алатындарын жасырмады. Себебі, 2020 жылы ұлы ойшыл Әл-Фарабидың 1150 жылдығы келе жатыр. Фараб қаласы бүгінде Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының территориясында орналасқан.

«Түркістан тұлғасы» деп аталатын ғылыми ізденіс қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде әзірленген. 2019 жылы Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі отырысы кезінде Түркі әлемінің Жоғары ордені табысталған болатын деген ұйымдастырушылар тұлғалық бағытты ту еткен еңбек – өзінің ғылыми ізденістерімен және түрлі дереккөздерді пайдаланғанымен құнды. Түркістан облыстық қоғамдық басқармасының қолдауымен жарық көріп отырған монография түрінде жазылған ғылыми басылым оқушылар мен студенттерге және ғалымдарға, көпшілік оқырман қауымға арналған – деп өз ойларын түйіндеді.

 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.12.2019, 19:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29