Арыс ауданының тәртіп сақшылары далалы жерде өсетін, емдік қасиеті өте жоғары дәрілік кеурек (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 өзбекстандық азаматты анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген.
«23 азамат ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші Қазақстан азаматына 519-бап (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ел заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды» деп жазылған Түркістан облыстық полиция департаментінің хабарламасында.