Ел жаңалықтары

Түркістанда дәрігерлер шала туған үшемнің өмірін сақтап қалды

  • Түркістанда дәрігерлер шала туған үшемнің өмірін сақтап қалды

    Түркістанда дәрігерлер шала туған үшемнің өмірін сақтап қалды

Түркістанда облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің 32 –ші аптасында әйелге жедел ота жасауға тура келген. Мерзімінен бұрын дүниеге келген үш нәресте бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. №3 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде бір келіден салмақ қосқан.

 
"10 наурыз күні үшем дүниеге келді. Енді дүниеге келгенде нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымай ЖТА-апаратында жатты. Кейін 10 күннен соң жан сақтау бөлімінен ауыстырылды. Алғашқыда салмақтары – 1 кг 480 г, 1кг 180г және 1 кг 460 болды. Бүгінде сәбилердің денсаулығы жақсы", – дейді  №3 Облыстық перинаталдық орталығының сарапшы дәрігері Гульайша Ерназарова.

Жас отбасы Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының тұрғындары. Алғаш рет ана атанған Динара Мухитованың жақындары бүлдүршіндірге Хадиша, Фатима, Захра есімдерін берген. Жас отбасы шала туған шақалақтарының өмірін арашалап қалған ақ халаттыларға айтар алғысы шексіз.




Көрілген: 157    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 23:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30