Ел жаңалықтары

Түркістанда экобазар ашылады

  • Түркістанда экобазар ашылады

    Түркістанда экобазар ашылады

Түркістан қаласында салынып жатқан Экобазар жақын арада іске қосылады. Бұл – дәстүрлі ауылшаруашылық нарығының және заманауи жайлы сауда орталығының артықшылықтарын біріктіретін жаңа форматтағы фермерлер базары. 14 га жерге орналасқан 900 сауда орны бар жаңа нысанның жалпы құрылыс алаңы 5 га жуық, деп жазды otyrar.kz.

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында бой көтерген заманауи Экобазардың құрылысымен танысты.

Облыс басшысы жаңа сауда орталығында облыс диқандары үшін қажетті жағдайдың толық жасалуын айтып, жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орнына айналмақ. Диқандар мұнда өз өнімін сата алады. Ол үшін барлық жағдай жасалатын болады. Облыс әкімі қаладағы жаңа ғимараттардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бақылады.

Орталық стадионның айналасын абаттандыру жұмыстарымен танысқан облыс әкімі мердігерлерге бірқатар ескеру айтты. Жұмысшы ширатып, кестеге сәйкес мерзімінде аяқтауды міндеттеді. Яссы көшесі бойындағы желілік саябақ пен денробақта болып, мердігерлермен кездесті.

Түркістан қалалық саябағының жалпы ауданы 28 га жуық. Дендробақ аумағында 12 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 2360 ш.м. аумағына гүлдер, 20 мыңнан астам ш.м. аумағына көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңға алуан түрлі ағаштар егіліп, асфальт, аяқ жол төселген. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Жарықшамдар қойылып, газон мен суару жүйесі жүргізілген. Дендробақ аумағынан сыйымдылығы 200 мың текше метрден асатын су айдынының құрылысы жүруде. Жасанды көл 4,5 гектар аумаққа жайғасады. Су айдыны Бөген су қоймасынан келетін Арыс – Түркістан каналы арқылы қамтамасыз етіледі, – делінген мәліметте.


BAQ.KZ




Көрілген: 336    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 09:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30