Ел жаңалықтары

Түркістанда жеті балалы ана әкімдік берген үйін ала алмай жүр

  • Түркістанда жеті балалы ана әкімдік берген үйін ала алмай жүр

    Түркістанда жеті балалы ана әкімдік берген үйін ала алмай жүр

Түркістанда әкімдік берген баспанаға кіре алмай жүрген көп балалы ана Халима Қаюмова кімге жүгінерін білмей жүргенін айтып, көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Бір жылға жуық уақыт бойы көп балалы ана әкімдік тарапынан берілген баспанаға кіре алмай жүр. Тұрғын үй қатынастары бөліміндегілер, былтыр 25-қарашадан қалмай пәтеріңе кіргіземіз деп уәде бергенімен, уәделерін орындамаған. 

Белгілі болғандай Халима Қаюмоваға тиесілі үш бөлмелі пәтердің 2017 жылы сырттай бөгде адамға берілген. Прокуратура бұл мәспелені шешуі керек болатын. 

 
Халима Қаюмова жуырда жетінші баласын босанды. Бір айлық сәбиімен тағы да жауапты бөлімнің табалдырығын тоздырып жүр.

"Мұндағы мамандар телефон тұтқасын көтермейді, амалсыз өзім келуге мәжбүрмін. Мен Асанов мырзаға келдім. "Болды,  қойма табамын!" деді. Шамалы келіп дауыс көтеріп енді Үкімет берген бала-шағама берген үйді тауып беріңіздер, шығарғызып беріңіздер деп айтсаң "участковый шақырыңдар, 102-ні шақырыңдар" деп өзіңе тап береді. Неше жылдан бері алысып келе жатырмыз, бұл жерде кімнің шикілігі екендігін білмейміз”, – дейді шарасыз ана. 

Айтуынша, пәтерді заңсыз иемденген азаматшадан кілт алынып, есік мөрленген. Бірақ бұрынғы қожайын заттарын әлі алып кетпепті. Босатып беруге міндетті сот орындаушылардан да қайыр жоқ дейді көпбалалы ана. Ал тұрғын үйге жауапты өкіл, ендігі жұмыс сот орындаушыларыныкі дейді. 

“Енді тек сот орындаушылардың іс-әрекетсіздігі соттың шешімін орындамай тұрғаны жөнінде бұл азаматша шағымдануға құқылы. Әділет басқармасына. Соттар әкімшісіне. Сол жаққа шағымдануға құқы бар”, – дейді Түркістан қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор мүшесі Әбутәліп Асанов. 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сенбі, 16.10.2021, 00:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 11:26
    ТАРИХ ЖАСАҒАН ТҰЛҒА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31