Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістанда қоғамдық қауіпсіздіктің сервистік моделі бойынша пробациялық есепте тұратын азаматтармен жиын өтті

08 тамыз 2022, 09:33

Түркістан қалалық Полиция басқармасының мәжіліс залында пробациялық есепте тұратын азаматтармен жиналыс өтті. Кездесуге Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, ведомствоаралық топ мүшесі Зуппархан Чалданов төрағалық етті.

Ұйымдастырушылар сотталғандардың соттылық деңгейі, отбасылық жағдайы, білімі, жасаған қылмысына өкінуі, дұрыс жолға түсуі жөніндегі сұрақтар назардан еш түспейтінін, бұл бойынша арнайы қадағалаушы қызметкерлер қызмет ететінін жеткізді. Іс-шара барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің ЖПҚ басқармасының жұмысын ұйымдастыру және қадағалау тобының инспекторы полиция капитаны Көкаршын Жолбарысханқызы, пробациялық есепте тұратын азаматтардан арнайы сауалнама алды. Яғни, шартты түрде сотталған және мерзімінен бұрын босап шыққандарға полиция қызметкерлерінің негізгі жұмысы жөнінде толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал инспектор-психолог әділет аға лейтенанты Ақмарал Бекбай, жиынға қатысушыларға психологиялық тренинг өткізді. Сондай-ақ қателік жасап, жаза арқалағандарға алдағы өмірлерінде жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстауға шақырды. Негізгі мақсат – кез келген сотты болған тұрғынның жақсы жағына өзгеруін қамтамасыз ету. Полиция қызметкерлері қауіпсіздіктің сервистік моделі бойынша ашықтықты қамтамасыз ете отырып, оларға қолдау білдіру жұмыстарын іске асыру болып табылады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі