Ел жаңалықтары

Түркістанда Мемлекеттік хатшының қатысуымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы басталды

  • Түркістанда Мемлекеттік хатшының қатысуымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы басталды

    Түркістанда Мемлекеттік хатшының қатысуымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы басталды

Бүгін Түркістан қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының VI құрылтайы басталды. Ауқымды шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Парламент депутаттары қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасында өтіп жатқан құрылтай, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған делегаттардың басын қосты.

Жиналған қауым алдында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев баяндама жасап, келелі басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Жиында сондай-ақ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңа президенті сайланып, ұйымның жаңа Жарғысы қабылданады деп күтілуде. Орталық тексеру алқасының есебі тыңдалып, Орталық кеңесінің жаңа құрамы таныстырылмақ. Бұдан өзге Қоғамның жаңа бағдарламасы мен құрылтай қаулысы қабылданады деп күтілуде. Ұйым жұмысына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтар да марапатталмақ.




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 21:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31