Ел жаңалықтары

Түркістандағы жарылыс: ІІМ себебін айтты

  • Түркістандағы жарылыс: ІІМ себебін айтты

    Түркістандағы жарылыс: ІІМ себебін айтты


Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті төрағасы Владимир Беккер Түркістандағы жарылысқа не себеп болғанын айтты деп хабарлайды Қазақпарат.



 


 

 

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Фото: ҚР ІІМ ТЖК


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Бұл туралы Беккер Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Оның сөзінше, Түркістандағы жарылыстан ешкім көз жұмған жоқ.


Ведомство басшысы 12 адам жарақат алғанын, олардың жетеуі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері екенін алға тартты.


"Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, үш полиция қызметкері мен екі қарапайым азамат зардап шекті. Оқиғаға газ тасымалдайтын көліктің жарылуы себеп болған. Қонақ үй 2016 жылы тұрғызылып, пайдалануға берілген. Жылыту жүйесіне, су ысыту жүйесіне онда газ құбырлары пайдаланылған.
Қонақ үйді газбен қамту үшін 5-6 метр жерде сыйымдылығы 2-3 текше метрлік газгольдер орнатылған. Бұл жерде құрылыс нормасы бұзылып тұр. Себебі, қонақ үй ғимараты мен газгольдердің аралығы – газгольдер жер үстінде тұрған жағдайда 40 метр болуы тиіс. Ал газгольдер жер астында тұрған жағдайда 15 метрлік аралық жетеді", - деді ол.

Владимир Беккер төтенше жағдайдар комитетінің қызметкерлері оқиға орнына бірден жеткенін, бірнеше адам зардап шеккенін айтты.


"Түркістан облысы өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасарының денесі 38 пайыз күйіп кеткен. Жігіттердің бірінің бұғанасы сынды. Қалғандарының денесі 10 пайыздық деңгейде күйген. Әрине, кәсіпкерлердің құрылыс нормасын, газ құрылғысын пайдалану ережесін бұзуы - өте жайсыз жағдай. Оқиғаның салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Қонақ үйде адам көп болған кезде мұндай жарылыс кез келген уақытта тіркелуі мүмкін еді", - деді ол.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Еске сала кетсек, Түркістанда қонақүй маңында жарылыс болып, арты өртке ұласты. Кейінірек оқыс оқиғаның видеосы желіде тараған болатын.






Көрілген: 534    Пікірлер: 0

сенбі, 14.09.2019, 11:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 10:32
    "Хан Шатыр" жанып кетті
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31