Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістандық полицейлер 40 рет жол ережесін бұзып, айыппұлын төлемей жүрген жүргізушіні анықтады

28 желтоқсан 2022, 14:30

Түркістан облысы аумағында 19-30 желтоқсан аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы негізгі мақсат - автокөліктерге тексеріс жүргізіп, әкімшілік айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау. Сондай-ақ бұл шараға жеке сот орындаушылары да жұмылдырылуда.
Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатқан Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 7 тәулікте 3 миллион теңгенің айыппұлын өндірді. Яғни тексеріс кезінде жол ережесін бұзғаны үшін өздеріне тағайындалған айыппұлды белгіленген мерзімде төлемегендер анықталды. Сондықтан бұл азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды. Мәселен тәртіп сақшылары аудан көшелерінің бірінен «LADA PRIORA» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның 40 рет жол ережесін бұзып, 700 000 теңгеден астам төленбеген айыппұлы бары анықталды. Бірден көлік айыптұраққа қойылып, берешегі толығымен өнідірілді. Өз кезегінде полиция қызметкерлері аудан тұрғындарына әкімшілік айыппұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді. Алдағы уақытта айыппұлдарды өндіру жұмыстарын жандандыру және жеке сот орындаушылармен бірлесіп, мәжбүрлі түрде өндіру шаралары жүйелі атқарыла бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі