Ел жаңалықтары

"Түріктер ренжіді": Анталияға демалуға барған Қазақстан азаматтарынан COVID-19 табылды

  • "Түріктер ренжіді": Анталияға демалуға барған Қазақстан азаматтарынан COVID-19 табылды

 21 маусымда ұзақ уақыт карантиннен кейін Алматы-Анталия бағыты бойынша алғашқы қазақстандық рейс ұшты. Алайда демалысқа аттанғандар арасынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Хабар 24 телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, төрт адамнан Covid-19 вирусы анықталған. Қазіргі кезде олар Анталиядағы қалалық ауруханада жатыр. Қалған жолаушылар оқшауланды. Осы орайда Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы отандастарымызды пандемия кезінде шетелге шығуға жауапкершілікпен қарауға шақырған. "Түрік жағалауына келгеннен кейін қазақстандық туристердің дене қызуын өлшейді. Егер дене қызуы 37-38 градустан жоғары болса туристер коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтеді. Одан кейін диагноз расталса, оларды ауруханаға немесе жағдайы қанағаттанарлық болса өзін-өзі оқшаулауға жібереді. Анталияда аурухана жеткілікті, шамамен 18 емхана бар. Алайда туристер денсаулығын қадағалап отыруы керек", - деді ол. 

Ал Түркияда тұратын Қазақстан азаматы Меруерт Райымбекованың сөзінше, ауруханаға түскен азаматтардың ішінде алтауының жағдайы ауыр деп жазады Azattyq Rýhy. "Анталияда тұрамын, демалыс аймағында. Карантин тәртібін жергілікті тұрғындар қатаң сақтайды. Соған сәйкес, инфекцияның таралуы тоқтаған болатын. Қазақстаннан демалуға келгендер ауруханаға түсті, алты адамның жағдайы ауыр деп хабарлады. 

Олардан Covid-19 анықталып, бірден қалалық инфекциялық аруханаға жатқызылған. Жергілікті тұрғындар арасында қазақстандық туристерден вирус анықталғаны туралы ақпарат тарады. Неге олар карантин екенін біле тұра, ескертуді елемеген, оларды қалайша тексермей ұшаққа отырғызған", - деді қазақ қызы. Анадолы еліне қоныс аударған жерлесіміздің сөзінше, демалушылардың арасында қазақстандықтардың қарасы өте көп. Анталияның Кемер демалыс аймағы күшейтілген режимге қайта көшкен. "Екі күн болды үйден шықпай жатқанымызға, жүруге тыйым салды. Курорт ашық. Қазақтар короновирус алып келді деп түріктер маған ренжіп, көз алартып қарайды. Менен "сен оларды танисың ба?" деп сұрайды. Мен Қазақстан үлкен екенін, туристерді танымайтынымды айттым, қорқып үйде жатырмын. Ресми хабар таратқан соң жергілікті халықтың арасында шу болды", - деді Райымбекова. Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес елімізде 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылған болатын.

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31