Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тұрмыс деңгейi жағынан 56-орындамыз

13 маусым 2011, 15:17

Legatum Institute зерттеу институты өмiр сүруге қолайлы мемлекеттер рейтингiн жариялады.
«Экономикалық бәсекелестiк» (бiлiм сапасы, экспортқа тәуелдiлiк, инвестициялар деңгейi және т.б.) және «Салыстырмалы түрде тұрмысқа қолайлы жағдай» (дiни еркiндiк, демалысқа арналған инфрақұрылымның болуы, жұмыссыздық деңгейi) деген екi топқа бөлiнген бiрнеше негiзгi көрсеткiштердi есепке алып бағалаған. Алғашқы ондыққа Австралия, Австрия, Финляндия, Германия, Сингапур, АҚШ, Швейцария, Гонконг, Дания, Жаңа Зеландия ендi. Бұрынғы кеңес елдерi iшiнде Эстония халқының жағдайы тәуiр көрiнедi, ол 36-орында. Тiзiмдегi 104 елдiң iшiнде Украина 68-орында. Латвия мен Венгрия 41 – орында. Ресей – 57, Беларусь – 78, Өзбекстан 80-орынды Вьетнаммен бөлiскен. Молдова – 83, Франция мен Ұлыбритания – 14, Сауд Арабиясы – 45, Қытай – 54, Түркия 61- орында. Елiмiз 56-орынға жайғасыпты.