Ел жаңалықтары

Түсініксіз дабыл Алматы облысы тұрғындарын шошытты

  • Түсініксіз дабыл Алматы облысы тұрғындарын шошытты

    Түсініксіз дабыл Алматы облысы тұрғындарын шошытты

Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылының тұрғындарын дауылды дыбыс шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушылары таңғы сағат 22.00-де таңғажайып дыбыспен бейнероликтер жариялай бастады. Шуды Қаскелең мен Долана тұрғындары да естіді.

 
"Алмалыбақ жақтан осы дыбыс естілді. Қатты қорқып кеттік. Бір сағатқа жуық уақыт бойы естілді", - деп жазды желідегілер. 

Алматы облысының тұрғындары "112" диспетчерлік қызметінің кезекшісіне қоңырау шалып мәселені түсіндірген. Мамандар онда құбырлардан ауа шығарылып жатқанын және алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты.

"112-ге хабарласқанымызда, құбырлардан ауа шығарылып жатқанын айтқан болатын. Жылыту маусымына дайындалып жатырмыз дейді олар. Алайда біз саяжай үйлерінде тұрғандықтан орталық құбыр жоқ. Әркімнің өз құбыры бар, жылуды қалаған уақытында қоса алады. Мұны түсіндіргенде олар уақыттарының жоқ екенін айтты", - деп жазды қолданушылардың бірі.

Олар мәселені халық желіде талқылап, бірін-бірі тыныштандыруға шақырған. Ал әкімшіліктегілер оқиғаның мән-жайын түсіндірмеді.

"Адамдар, бұл газды тексеру жұмыстары. 5-6 сағат бұрын Алмалыбақта монша өртеніп кетті. Осыған байланысты газ құбырлары тексеріліп жатыр. Алаңдамаңыздар", - десті жұрт.




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31