Ел жаңалықтары

Тұз, қант, қарақұмық жоқ: Елорданың үрейлі халқы азық-түлікке таласуда (фото)

  • Тұз, қант, қарақұмық жоқ: Елорданың үрейлі халқы азық-түлікке таласуда (фото)

    Тұз, қант, қарақұмық жоқ: Елорданың үрейлі халқы азық-түлікке таласуда (фото)

Қазақстанда кешелі бері коронавирусқа байланысты мектеп оқушылары келесі аптадан бастап демалысқа аттанып, студенттер онлайн оқу жүйесіне ауысқалы бері, көпшіліктің зәреті құты қалмаған. Үрейленген жұрт әсіресе азық-түлік дүкендерін жаппай торуылдауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Елорданың сол жағалуындағы ең ірі азық-түлік сауда орнында кешелі бері ине шаншар жер жоқ.

Тұрғындар күнделікті тұрмысқа қажетті ұн және нан, сүт өнімдерін жаппай сатып алуда.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өкініштісі сауда дүкендерінде қант, тұз, қарақұмық, тауық еті сынды өнімдер некен-саяқ. Тіпті кей дүкендерде аталған азық-түлік өнімдерінің сөрелері бос қалған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мысалы тауық еті мен ет өнімдері қойылатын мына сөре кешелі бері бос тұр.

Сол сияқты қант пен қарақұмық, макарон өнімдерінің сөрелерінде де өнім жоқ.

Сауда орындары қызметкерлерінің айтуынша азық-түлік өнімдері тапшылығы жоқ, тек адам санының көптігіне байланысты сөрелер осылай бос қалған көрінеді.

"Коронавирус Қазақстанда да тарайды дегелі бері әрине азық-түлікке сұраныс артты. Бірақ осыншалықты қарбалас болады деп ойламадық. Адамдар ұн,макаронды тонналап, мөшектеп алып жатыр",-дейді олар.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, кеше ел билігі коронавирустың алдын алу шаралары бойынша бірқатар іс-шараларды қолға алып, оқушылар мен студенттерді келесі аптадан бастап сабақтан босатқан еді. Сондай-ақ кеше наурыз мерекесін тойлау шаралары өткізілмейтіні айтылып, халыққа көпшілік көп жүретін жерлерге, тойларға бармауға кеңес берілген болатын.

 

 




Көрілген: 1627    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 11:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30