Ел жаңалықтары

Түзету лагерьлерінен кейін ақысыз жұмысқа мәжбүрлейді: Қытай саясатынан бас сауғалаған этникалық қазақтар оқиғалары жайлы айтты

  • Түзету лагерьлерінен кейін ақысыз жұмысқа мәжбүрлейді: Қытай саясатынан бас сауғалаған этникалық қазақтар оқиғалары жайлы айтты

    Түзету лагерьлерінен кейін ақысыз жұмысқа мәжбүрлейді: Қытай саясатынан бас сауғалаған этникалық қазақтар оқиғалары жайлы айтты

Қытайдың озбыр саясатының құрбаны болған этникалық қазақтар көрген қорлықтары жайлы сөз етті. Айтуларынша, түзету лагерьден босатылғаннан кейін оларды мәжбүрлі түрде жұмысқа салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 
Кіші дәретке рұқсат алып баруға мәжбүр болдым

Ержан Құрман есімді азамат қайта тәрбиелеу лагерінде тоғыз ай бойы қамауда жатып шыққан. Мұнда оны аяусыз ұрып, коммунистік партияның әндерін айтуды мәжбүрлеген. 

Бостандыққа шықпай жатып 42 жастағы ер азаматты күніне 12 сағат бойы жұмыс істеуге міндеттеп, тігін фабрикасына жіберіпті. Фабрика басшылары оған күніне 200 жұп қолғап тігуің тиіс деген талап қойған. 

"Бір күнде 30-50 қолғап тігіп үлгеретінмін. Егер қолымнан келмесе, ақы төлемейміз деп қорқытып, жұмыс біткеннен кейін алып қалатын. Бірақ бір күнде 200 жұп қолғап тігу мүмкін емес дүние болатын", - дейді Ержан Құрман. 

Жұмыскерлер өздерін жұмысын орындаса да, фабрикада жалақыны ұстап қалады екен. Бірақ бұған шыдамаған олар наразылыққа шығыпты, тек содан кейін қызметкерлерге 50 күн үшін 300 юань берілген. Десек те зауыт басшылығы алдағы уақытта енді тігіншілер алты ай бойы жалақысыз жұмыс істейтіндерін айтқан. 

Бір бөлмеде 12 адам ұйықтауға мәжбүр болдық деген этникалық қазақ күнде коммунистік партияның доктринасын жаттауға тура келгенін айтады. Кейіннен жұмыстан босап шыққанан кейін ол 2019 жылы Қазақстанға қоныс аударыпты. 

Денсаулығым жұмысқа жарамайды деген Ержан Құрман кейде түнде шошып оянатынын тілге тиек етті. 

"Мен ешқандай жамандық жасамадым. Тіпті, кіші дәретке рұқсат сұрап баруыма тура келді. Менің әрбір қадамым бақылауда болды. Қазақстанға келмейінше өзімші еркін сезіне алмадым. Қытайда болғанымда аттап аяқ басып жүре алмайтынмын", - дейді ол.

Сурет авторы: Джеймс Бриден, Telegraph.co.uk сайтынан

"Біреуге лагерь туралы тіс жарсаң, отбасыңмен бірге құртамыз" деді

41 жастағы Гүлзира Әуелхан егер жұмыс істеу туралы келісімшартқа қол қоймасам, Қытай билігі қайта лагерьге жабамыз деп қорқытқанын айтады. Гүлзира лагерьде бір жарым жыл бойы қамауда болыпты. 

"Бізді қайыршысыңдар" деп атап, егер жұмыстан бас тартсақ, идеологиясы дұрыс емес адамдардың қатарына кіргізетіндерін айтты. Олар бұл фабрикаларды лагерьден шыққандарға арнап салды. Біз жұмыс тауып бергені үшін мемлекетке алғыс айтуым қажет екен", - дейді ол.

Осылайша, отбасыммен тезішек қауышу үшін амалсыздан тиын-тебенге жұмыс істеуге келістім дейді әйел. 

"Егер біреуге лагерь мен фабрика туралы тіс жаратын болсам, отбасыммен бірге көзімізді құртатындарын, қайда жүрсем де іздеп тауып алатындарын айтты", - дейді АҚШ-қа бас сауғалаған Гүлзира Әуелхан. 

Бостандыққа шықсам да, біреу артымнан аңдып жүргендей күйдемін 

44 жастағы Азамат үш лагерьде қамалып шыққан. Кейіннен оны 4000 жұмысшымен бірге зауытқа жұмыс істеуге жіберген. Зауытта ер адам киім-кешек, сөмке, қолғап тіккен көрінеді. Десек те оған бұл жұмысы үшін бір тиын төленбепті. 

"Бар ойым асыраушысынан айырылған отбасым туралы болды. Кіші балам диабетке шалдыққан, күнде инсулин егіп жүруі қажет. Екі жылдай азапталдым. Осы уақытта бірде-бір рет отбасымды көріп, дауыстарын ести алмадым. Ойласам іш-құса боламын", - дейді Азамат. 

Азамат Қытайдағы бауырларының жағдайы туралы алаңдайды. Айтуынша, бостандықта жүрсе де, оны әлдебіреулер аңдып жүргендей көрінетіндігін жеткізді. Бұған қоса, ол денсаулығына кінәрат келгенін алға тартты.

Олардың үшеуі де ең соңы бостандыққа шығыпты. Себебі Қазақстандағы туыстары олардың босатылуын талап етіп, наразылық білдірген. Сөздерінше, Қытай билігі егер көрген қорлықтары туралы біреуге айтасаңдар, Қытайдағы туыстарыңа кесірлерін тиеді деген көрінеді. 

Ұлыбританияның Шеффилд Халлам университетінің есебінде Қытай үкіметі 2,6 миллион этникалық ұлт өкілдерін Шыңжаңдағы фермалар мен фабрикаға жұмысқа тіркегені көрсетілген.

Айта кетейік, Қытай үкіметі бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығаруда. Олардың таратқан ақпаратына сәйкес, түзету лагерьлері шын мәнінде маман даярлау орталықтары, ал мемлекетте жүргізіліп жатқан саясат - экстремизммен күресу тәсілі. 

Қазіргі таңда Ұлыбритания, ЕО, АҚШ және Канада елдері аспан асты еліне санкциялар жариялауда. Дегенмен Бейжің өз дегендерінен қайтар емес. 




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 16:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31