Ел жаңалықтары

Тың тақырыпқа түрен салған қаламгер

  • Тың тақырыпқа түрен салған қаламгер

    Тың тақырыпқа түрен салған қаламгер

Белгілі қаламгер-публицист, бірнеше кітаптың авторы, «Qazaq universiteti» газетінің тілшісі Қайыржан Төрежанов мерейлі 60 жасқа толып отыр.

Қайыржан Рахымбайұлы «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Юридическая газета» республикалық басылымдарында тілші, «Айқын» газетінде бөлім редакторы қызметтерін атқарып, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр журналист БАҚ-та еңбек ете жүріп, талай түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға себепкер болды. Ол қазақ және орыс тілдерінде мақала жазады. Қазақстан Журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері.

Қайыржан Төрежановтың әскери және мемлекеттік қызметте де мол тәжірибесі бар. Ол өзінің «Сыртқы барлау» кітабында осы күнге дейін құпия болып келген тың тақырып – Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің кейбір қырларын ашып, барлаушылардың қызық та құпияға толы өмірінен сыр шертті. Қазақстандық сыртқы барлау офицерлерінің осы уақытқа дейін құпия болып келген шетелдердегі сәтті атқарылған арнайы операциялары туралы шынайы суреттеп берді. Айта кету керек, бұл – қазақ сыртқы барлау қызметі туралы жазылған алғашқы деректі туынды. Осылайша Қайыржан Төрежанов барлау органдарының оң имиджін қалыптастыру бойынша қазақ баспасөзінде бұрын қалыптаспаған, көп айтылмай келген тың тақырыпқа түрен салды.

Өмірде қарапайым, өз кәсібінің шебері Қайыржан Рахымбайұлының әріптестері арасында да абыройы жоғары. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін ол байсалды қалпы мен жарасымды әзілімен ортасына сыйлы. Өмірлік жинаған тәжірибесін кейінгі буынға ыждағаттылықпен үйрете білетін білікті маман. Асқаралы 60-қа толған әріптесімізге отбасында амандық, шығармашылықта табыс тілейміз!

«Қазақ университеті» газетінің ұжымы




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 10:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 11:26
    ТАРИХ ЖАСАҒАН ТҰЛҒА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31