Ел жаңалықтары

Уәлибек Әбдірайымовтың әкесі Назарбаевтың құдасын аш кезінде тамақтандырған екен (ВИДЕО)

  • Уәлибек Әбдірайымовтың әкесі Назарбаевтың құдасын аш кезінде тамақтандырған екен (ВИДЕО)

    Уәлибек Әбдірайымовтың әкесі Назарбаевтың құдасын аш кезінде тамақтандырған екен (ВИДЕО)

“Шаншар” театрының басшысы, актер Уәлибек Әбдірайымов әкесінің Мұхтар Әлиевпен жақсы дос болғанын айтты. Бірге оқып, кейін мәңгілік достарға айналған. Актер Мұхтар Әлиев жақсылықты ұмытпайтын азамат деп мақтады.

Бұл туралы “Қасқа жол” бағдарламасында айтылды.

Уәлибек Әбдірайымовтың әкесі Рахат Әлиевтің әкесі Мұхтар Әлиевпен өмірінің соңына дейін дос болған. Бірге оқып, бірге жүрген. Алайда артына қалған балаларымен өздері еш араласпаған екен. Екі әке қайтыс болған соң балалары байланысқан жоқ дейді ол.

“Мұхтар Әлиев пен менің әкем Түркістанда бірге оқыпты. Ол кезде мұғалімдік курстар болған. Екеуі сонда оқыған. Бір күні әкем ауыл жақын болған соң ауылға келеді. Сонда Мұхтар Әлиевті алып келеді. Үйге келген соң тамақ береді. Сонда бастапқыда ол кісі тамақ ішпей ұялған екен. Кейін терлеп тұрып жеп алады.

Сонда 4 күн тамақ ішпепті. Жетім өскен ғой. Кейіннен әкеме осы жақсылығыңды ұмытпаймын деп риза болады. Ол кісі жақсылықты ұмытпайтын адам. Әкем екеуі дос болды. Бірақ менің әкем өмір бойы мұғалім болды. Мұхтар аға медицина саласына кетті. Сол жолды қуып, мықты дәрігер болды. Ол кісі менің әкемнен бұрын өмірден өтті-ау деймін. Содан кейін араластығы болған жоқ. Үлкендер кеткен соң бала-шағасы араласқан емес. Тіпті, бала-шағасын танымаймыз да. Біз ауылда болдық. Ол кісілер қалада болды”, – деді Уәлибек мырза.




Көрілген: 687    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 16:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31