Ел жаңалықтары

ҰБТ-ға оқушылардың орнына 4 студент қатыспақ болған

  • ҰБТ-ға оқушылардың орнына 4 студент қатыспақ болған

    ҰБТ-ға оқушылардың орнына 4 студент қатыспақ болған

ҰБТ-ға 4 талапкердің орнына тестілеуге елордалық екі жоғарғы оқу орнының 4 студенті қатыспақ болған.

Ол үшін жалған құжаттар да жасалған. Дегенмен, тұлғаны цифрлық сәйкестендіру Face-ID жүйесі аталған кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл жүйе биыл ҰБТ тапсыратын барлық орталықта енгізілді.

«Бөгде тұлғалар аудиторияға кіре алмады, өйткені ҰБТ-ға кіргізу тұлғаны сәйкестендіру Face ID бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Бағдарлама тіпті егіздерді де анықтай алады. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ тапсыру кезінде мектеп оқушылары тарапынан орын алуы мүмкін бұзушылықтарды қалай анықтау керектігін жақсы біледі. Тестілеуге өз орнына бөгде адамды кіргізбек болғандардың арасында «Алтын белгі» иегері да бар», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

Тестіленушілер мен бөгде тұлғаларға қатысты ақпарат құқық қорғау органдарына жіберілді. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Биыл ҰБТ тапсыру нысандарында үш сатылы жүйе енгізілген. Атап айтсақ, тестіленуші жеке куәлігін көрсетеді, кейін Face-ID жүйесінен өтеді. Сондай-ақ әрбір тестілеушінің алдында камера орнатылған.

Осы шаралардың барлығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғандардың саны – шамамен 150 мың адам.

Осы ретте ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерді академиялық адалдық қағидаларын сақтауға шақырады.

aikyn.kz




Көрілген: 628    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 01:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31