ҰҚК халықаралық іздеуде жүрген шекара бұзушыны ұстады

19 мамыр 2021, 21:43

Шекарашылар халықаралық іздеуде жүрген мемлекеттік шекараны бұзушыны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы 15 мамырда Петропавл теміржол бақылау-өткізу бекетінде белгісіз біреу Челябі-Петропавл жүк пойызының вагондары арасындағы платформадан көрінді.

ОПК операторы оны бейнебақылау көмегімен анықтай алды.

Ақпаратты тексеру үшін дереу шекарашы топ жіберілді, нәтижесінде Ресей Федерациясының азаматы қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Тексеру барысында ұсталған адамның халықаралық іздеуде екендігі анықталды.

Іс тергеу амалдары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция департаментіне берілді.