Ел жаңалықтары

ҰҚК мен Алматы прокуратурасы "Олимп" кеңсесіне басып кірді

  • ҰҚК мен Алматы прокуратурасы

    ҰҚК мен Алматы прокуратурасы "Олимп" кеңсесіне басып кірді

Еліміздегі ең ірі «Олимп» букмекерлік кеңсесі жабылды. Спорттық ойындарға бәс тігетін орталық заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, салықтан жалтарғаны үшін қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ұлттық қауіпсіздік

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Алматы қалалық прокуратурасы тіпті «Олимптің» әкімшілігі отыратын кеңсесіне де басып кірген. Өйткені құмар ойынға құныққандардың қалтасын қағатын букмекерлер интернет арқылы лицензияланбаған ойын ұйымдастырып, одан түскен табыстың бір бөлігін  шетел асырып отырыпты. Десе де арнайы операция кезінде елден заңсыз ақша шығару жолдары жабылды.

Қазір «Олимптің» басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Ал осыдан бір апта бұрын Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты «Олимп» брендімен ұтыс қабылдап жүрген «Онли бет» және «Алфа бет» компанияларының лицензиясын алты айға тоқтатқан болатын.

Соған қарамастан жасты да, кәріні де өзіне жіпсіз байлап алған «Олимп» сайты әзірге жұмыс істеп тұр. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдағы уақытта онлайн бәс тігу де тоқтатылатынын хабарлады. 

 
 

 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

сенбі, 07.12.2019, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Тамыз, 20:09
    Өркениет шырақшысы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31