Ел жаңалықтары

ҰҚК: Павлодар облысының әкімі "өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша күдікке ілінді

  • Фото: Павлодар обласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Фото: Павлодар обласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың "қызметтік өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша күдікке ілінгенін хабарлады.

"15 қаңтарда ҰҚК Қылмыстық кодекстің 362-бап 2-бөлімінің 2-тармағы бойынша тіркелген қылмыстық іс - "қызметтік өкілетін асыра пайдалану" фактісі бойынша Павлодар облысының әкімі Бақауовқа қатысты жедел-тергеу шараларын жүргізді" делінген 16 қаңтарда кешке тараған ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш сөйлемнен құралған хабарламасында.

48 жастағы Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы ақпарат 15 қаңтарда тараған. Әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде тараған хабарламада аты-жөнін айтпаған белгісіз адам Бақауовты жиналыс кезінде ұстап әкеткенін айтады. Әкімнің баспасөз хатшысы кейінірек жергілікті ақпарат құралдарына әкімдік "қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр" және "әкім қалада" деп хабарлады.

16 қаңтарға қараған түні Бақауовтың Instagram-дағы парақшасында оның индустрия-инновациялық дамыту басқармасы алқасының жиынына қатысқаны туралы жазба пайда болды.

Болат Бақауов 2016 жылы наурыз айында Павлодар облысының әкімі болып тағайындалған. 2019 жылы шілде айында өкілеті ұзартылды.

 azattyq.org




Көрілген: 314    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.01.2020, 19:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29