ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Осипов ұсталды

23 ақпан 2022, 21:48

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Осипов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 23 ақпанында соттың санкциясымен оған қатысты бұлтартпау шарасы – қамауға алу қолданылды", - деп хабарлады ҰҚК.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке және төраға орынбасарлары А.Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлады ведомство.