Ел жаңалықтары

Украина шенеуніктері Қазақстанға жалған анықтамамен келді деген ақпарат түсіндірілді

  • Украина шенеуніктері Қазақстанға жалған анықтамамен келді деген ақпарат түсіндірілді

    Украина шенеуніктері Қазақстанға жалған анықтамамен келді деген ақпарат түсіндірілді

Бұған дейін БАҚ Украина делегациясы Қазақстанға коронавирус тест қорытындысының жалған анықтамасымен келгенін хабарлаған болатын
Премьер-министр Асқар Мамин анықтама мерзімі өтіп кеткендіктен, украиналық делегациямен кездескен жоқ, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклийдің сапары аясында Қазақстанның индустия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Украина инфрақұрылым министрлігі аясында меморандумға қол қойылды.

Украиналық тараппен Қазақстан үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр кездесті.

"Қазақстандық тарап Асқар Мамин мен Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий кездесуін ұйымдастыруға дайын болды. Алайда ПТР-анықтаманың мерзімі өтіп кеткендіктен (5 күннен асып кеткен) украиналық делегация премьер-министрмен кездесе алмады", - делінген хабарламада.
Пандемия кезінде кездесуге қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар санитарлық талап енгізілді. ПТР-анықтаманы ұсыну солардың қатарында.

Бұған дейін Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский халықаралық даудың ортасында қалғаны хабарланған болатын.

Олар Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуге жалған ПТР-анықтамамен келді, деп жазды "Комсомольская правда Казахстан".
 
 




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31