Украинадан эвакуацияланғандардың алғашқы легі Алматыға жетті

28 ақпан 2022, 23:54

Алматыға әскери қақтығыс басталған кезде Украинада болған 175 Қазақстан азаматы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Эйр Астана" компаниясының борты Алматы әуежайына сағат 22:35-те қонды. Ұшақта Украина аумағынан Польшаға эвакуацияланған 175 қазақстандық болды, оның ішінде алты бала бар.

 

 

Эвакуацияланған қазақстандықтарды әуежайда туыстары мен жақындары гүл шоқтарымен қарсы алды.

 

 

Қазақстандықтар сағат 16:25-те (астана уақыты бойынша) Польшаның Катовице қаласынан Алматыға ұшып кетті.

 

Суреттер: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

 

Барлығы А-321 ұшақтарында үш репатриациялық рейс орындау жоспарланған. Екінші рейс 28 ақпанда сағат 14:00-де Атыраудан Катовице қаласынан ұшады. Қазақстандықтармен екінші рейс жергілікті уақыт бойынша сағат 00:20 шамасында Атырауға қонады.

 

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 27 ақпандағы жағдай бойынша, 631 қазақстандықтан эвакуация бойынша өтініш түскен.