Украинадан Молдоваға жеткен қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі шешілді

26 ақпан 2022, 22:08

Украинадан өз еркімен Молдоваға жеткен Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр.

 

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

 

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

 

– Молдовадағы жағдай бойынша бүгін ҚР 10-ға жуық азаматын Молдованың Кагул қаласына жеткізу үшін елшілік тарапынан автокөлік ұйымдастырылды. Және Румынияның бас консулдығына транзиттік визаларын алуын көздеуде. Кейінірек виза алғаннан кейін Румыния шекарасына қарай жолға шығады. Шекарадан өткеннен кейін Румыниядағы Қазақстан елшілігі азаматтарды Бухарест қаласына тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз етуін ұйымдастырады. Олар сол жерден Стамбул қаласы арқылы Қазақстанға ұша алады.

 

 

 

24.kz