Ел жаңалықтары

Үлкен Алматы айналма автожолын салу үшін 100-ге жуық үй сүріледі

  • Үлкен Алматы айналма автожолын салу үшін 100-ге жуық үй сүріледі

    Үлкен Алматы айналма автожолын салу үшін 100-ге жуық үй сүріледі

Үлкен Алматы айналма автожолын салу үшін 100-ге жуық үй сүріледі, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Телеарнаның мәліметінше, автожолды салу кезінде Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 100-ге жуық үй сүріледі. Маңызды жолдың құрылысы үшін мемлекет 12 жыл аралығында 724 жер телімін босатыпты. Сондай-ақ, жер иелеріне өтемақы үшін қазынадан 8 миллиард теңге бөлінгені айтылады. Дегенмен екі жер учаскесінің иесі берілетін өтемақыға әлі де келіспей жатқан көрінеді. Қазір олардың мәселесі сотта қаралып жатыр. Автожолды салуға шетелдік инвесторлар тартылған. Олар құрылысқа 187 миллиард теңге жұмсамақ екен. Бұдан бөлек, құрылыс кезінде 20 мың ағаштың оталатыны белгілі болды. Бірақ құрылысшылар кесілген әрбір түп жасыл желектің орнына 3 ағаштан отырғызуға уәде беріп отыр. Айта кетейік, айналма жол Алматының батысындағы Қырғауылды ауылының тұсынан басталып, шығыс жағында Алматы-Талғар тасжолының 22-шақырымымен аяқталады. Маңызды магистральдің құрылысына қазынадан бір тиын да бөлінбейді. Автобан түрік-корей инвесторларының қаржысына салынады. "Құрылыс жұмыстарын бітіріп, қозғалысты ашқаннан кейін біз бұл жолды басқарамыз. Автобан ақылы болады. Оған терминалдар қойып, жолақысынан түскен қаржыны өз меншігімізге аламыз. Келісімшарт бойынша айналма жолды біз 15 жыл 10 ай басқарамыз", - дейді жоба жетекшісі Гюнай Гокалп. Телеарнаның мәліметінше, автожол бойына арнайы шлагбаум қойылып, 15 терминал орнатылады. Жеңіл көліктерге жол ақысы - 200 теңге, ал жүк көліктері үшін тариф 290 теңге көлемінде болады деп отыр. Тасжолға 8 жолайрық пен 40-тан аса көпір тұрғызылады. Мамандар алты жолақты автожолдың сапасы мінсіз болады деп сендіріп отыр. Бауыржан Байбек Үлкен Алматы айналма автожолы жобасына қанша қаражат жұмсалатынын айтты "Жолдың техникалық категориясы ең жоғарғы 1 "А" санатында болады. Оның есептік жылдамдығы 140 шақырымнан асады, ал жолдың жамылғысы цемент-бетон болады", - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сәтжан Аблалиев. Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2022 жылы торап қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр

 




Көрілген: 202    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.05.2019, 10:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31