Ел жаңалықтары

Ұлттық банк атынан хабарласатын алаяқтар көбейген

  • Ұлттық банк атынан хабарласатын алаяқтар көбейген

    Ұлттық банк атынан хабарласатын алаяқтар көбейген

Азаматтарға Ұлттық банктің атынан хабарласатын алаяқтар көбейген. Осыған орай Ұлттық банк ескерту жариялап, тұрғындарды абай болуға шақырды.

 «Алаяқтар телефон арқылы байланысқан кезде банк шотының нөмірлері мен несиенің бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды. Сонымен бірге, «техникалық мониторинг» мақсатында деген желеумен азаматтардан төлқұжат деректерін, атап айтқанда, ЖСН мәліметін білгісі келеді. Алаяқтар, сонымен қатар тексеру үшін деп шот ашуды немесе тест режімінде несие алуға өтініш беруді және үшінші тараптың шотына ақша аударуға үндейді», - делінген Ұлттық банктің ескертуінде.
 Ұлттық банк «ақша жіберіңіз» деген электронды хат пен белгісіз нөмірден түскен қоңырауға жауап бермеуге кеңес береді.

«Белгісіз банк шотының реквизиті көрсетілген «аяқ асты ақшаға тап боласыз» деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті болып шығады», - делінген хабарламада.
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, қаржы саласын реттеуші жеке тұлғаның шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысумен мәміле жасамайды. Онда шоттар тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ғана ашылады.

Ұлттық банктен «ақша аударыңыз» деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет.




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31