Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еркін Ботақанов – Қазақстан Республикасының ІІМ еңбек сіңірген қызметкері. Осыған дейін ҚР ІІМ ішкі әскер Қолбасшысының орынбасары, Бас штабтың басшысы болған.
2014-ші жылдан бастап Қарағанды облысында орналасқан "Орталық" аймақтық қолбасшылығына Қолбасшы лауазымына тағайындалған болатын.