Ел жаңалықтары

Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

  • Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

    Үнді мұхитында жалғыз қалып қойған адамды қазақстандықтар құтқарды

Шри-Ланка азаматы 15 күн бойы ашық мұхитта қалып қойыпты. Ол достарымен балыққа шыққан, алайда дауыл тұрып, қос серігі қайтыс болған. Оны Мальдив аралдарында демалып жүрген қазақстандықтар құтқарған, &ndash деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы.

Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Ұлан Әбдірайымовтың айтуынша, ол достарымен Мальдивте демалып жатқан, сосын суастында балық аулауға шыққан. Балық аулау кезінде туристер алыстан аударылып қалған жеңіл моторлы ұшақты көргендей болады.

«Жақындай келе, біз қайықта отырған ер адамды көрдік. Сөйлесе келе, оның Шри-Ланка азаматы екенін білдік. Ол басқа тілде сөйлемейді екен, сосын біз елшілікке хабарласып, оның не айтып жатқанын сұрадық», &ndash дейді Әбдірайымов.
 
Оның қайығының қозғалтқышы дауылдың салдарынан істен шыққан екен. Жанындағы адамдар қайтыс болған, ал өзі екі аптадан аса уақыт бойы ашық мұхитта қалқып тұра берген.

«Ол әбден қажыған. Біз оған тамақ, су бердік, алайда бортқа ала алмадық, өйткені капитан жұқпалы аурулар болуы мүмкін деген қауіп барын айтты», &ndash дейді қазақстандық. 

Kaz.tengritravel.kz 




Көрілген: 791    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.02.2021, 21:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30