Ел жаңалықтары

Университет оқытушыларының жалақысы 400 мың теңгеге дейін көбейтілді

  • Университет оқытушыларының жалақысы 400 мың теңгеге дейін көбейтілді

    Университет оқытушыларының жалақысы 400 мың теңгеге дейін көбейтілді

ҚР БҒМ-ға қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйек айынан бастап өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҒМ мәліметінше, енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушыға кемінде 230 мың теңге, қауымдастырылған профессорға – 260 мың теңге, профессорға – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңгені) беріледі.

“Министрлік жоғары оқу орындарының штаттық қызметкерлеріне ең төменгі мөлшердегі жалақыны белгілеу туралы бұйрық қабылдады. ҚР БҒМ-ге қарасты ЖОО оқытушыларының жалақысы артты. Сондай-ақ бір мөлшерлеменің максималды көлемі енді оқу жылы үшін 680 сағаттан аспайтын болады, яғни оқу жүктемесі төмендетіледі. Өзгеріс профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми қызметпен айналысу үшін көбірек мүмкіндігі мен уақытының көбеюіне арналған", – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұған дейін Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. 2019 жылғы қыркүйекте БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы 20%-ға, 2020 жылғы қыркүйекте тағы да 20%-ға ұлғайтылды.




Көрілген: 307    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 15:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31