Ел жаңалықтары

«Үш жыл бойы азғындық жасаған»: БҚО-да мектеп директорына қатысты іс қозғалды

  • «Үш жыл бойы азғындық жасаған»: БҚО-да мектеп директорына қатысты іс қозғалды

    «Үш жыл бойы азғындық жасаған»: БҚО-да мектеп директорына қатысты іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысында кішкентай қызға жасалған азғындық әрекетке қатысты сот ісі әлі де жалғасып жатыр. Бұл жолы сотқа қыз оқыған мектептің директоры тартылды, деп хабарлады Sputniknews.kz  "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

2020 жылы Жаңақала ауданының тұрғыны Жақсыбай Сұлтан 20 жылға сотталды. Ол 10 жастағы өгей қызына қатысты үш жыл бойы азғындық жасады деп айыпталды.

Тергеу қыздың мұғалімдері бұл оқиға туралы білгенін, алайда құқық қорғау органдарына әдейі жүгінбегенін көрсетті. Нәтижесінде мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал қалған мұғалімдер аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң сөгіс алды.

Қылмыстық іс сотқа 2020 жылдың 7 сәуірінде түскен. Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметоваға қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды. Істі Жаңақала ауданы сотында судья Ілияс Іргебаев қарайды.

Негізгі сот процесі 16 сәуірге белгіленген.

Мектеп директоры адвокатының айтуынша, Лариса Қожахметова директор қызметінен шеттетіліп, үй қамауына алынды.

Айта кетейік, іс материалдарына сәйкес 2015 жылы Сұлтанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған (тонау, ұрлық бойынша отырған). Содан кейін қыздың анасымен танысып, бірге тұра бастайды. 2016 жылы қызға тиісе бастаған. Ол өгей қызын 2016 жылдан 2019 жылға дейін үш жыл ішінде жеті рет азғырған. Сотта ол өз кінәсін ішінара мойындады.




Көрілген: 1567    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 12:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31