Үш облыста тұман мен көктайғақ болады

08 наурыз 2022, 18:04

9 наурызда Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстарында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Солтүстікте және оңтүстік-батыста тұман болады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман басып, күндіз көктайғақ болатыны болжанды.

 

Қарағанды ​​облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман басады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман.