Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

07 қазан 2021, 23:52

Қазгидромет Қарағанды, Түркістан және Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Түнде және таңертең 8 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с сақталады.

inbusiness.kz