Ел жаңалықтары

"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты

  • "Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты

Апатты тергеу бойынша бас сарапшы ұшақты тіркеу кезінде және ұшу сертификатын беру кезінде тексерген кісілер жауапқа тартылуы керек деп санайды

Үш жыл бұрын болған ұшақ апатына қатысты жаңа деректер шықты. Екі дәрігер мен үш экипаж мүшесі қайтыс болған Алматы түбіндегі әуе апатының себебін анықтаумен айналысқан комиссия мүшелері министрліктен істі қайтадан тергеуді сұрап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Айтуларынша, Алматыдан Шымкентке асығыс аттанған санавиация ұшағы бастапқыда айтылғандай "техникалық ақаудың салдарынан" құламаған. Ұшақты әлдебіреулер атқылаған деп болжайды мамандар.

Бастапқы сараптамада апаттың негізгі себебі ретінде "техникалық ақау" деп көрсетілген. Одан кейін екінші пилоттың дайындығы да күмән тудырған. Өйткені, оның бұл ұшақты басқаруға құжаты болмаған.

"Алайда, осы жылдың сәуір айындағы тексеру кезінде пилот кабинасынан оқ іздері анықталды. Бұл – ұшақ сыртқы әсерден құлаған деген сөз. Сол үшін бірінші сараптамадан бас тартып, қайтадан тергеу жүргізуді сұраймыз", – дейді ұшақ апатын тергеуші комиссиясының мүшесі Виктор Аушев.

East Wing әуе компаниясына тиесілі АН-28 санавиация борты кешкісін Алматыдан Шымкентке ұшып шығып, 28 шақырым жерде құлаған болатын. Әуе көлігі 12 минут өтер-өтпестен радардан жоғалып кеткен. Ал екі сағаттан кейін құтқарушылар оны Іле ауданы Қосөзен ауылының маңынан өртке оранған күйінде тапты. Ішінде болған бес адамның бәрі қаза тапқан: ұшақ командирі Геннадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, авиатехник Бейшебек Акматбаев, акушерлік гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігері Талғат Патсаев пен дәрігер-реаниматолог, профессор Жәнібек Артықбаев.

Соңғы екеуі Шымкенттегі облыстық ауруханада жатқан әйелге көмекке баруы тиіс еді. Бірінші сараптама қорытындысында ұшақтың техникалық ақау себептерінен құлады делінген. Соған қатысты әуе компаниясы басшылығы сотқа тартылған.

Енді срапашылар ол ойынан айнып, "ұшақты әлдебіреулер атқылаған" деген болжам жасап, қайта тергеуді талап етеді. Десе де министрлік мұнымен келіспейді. Айтуларынша, апат ұшақтың кесірінен болған. Одан қалды, әуе компаниясы ғана емес, сол ұшақты Ресейден қабылдап алған Азаматтық авиация комитеті де жауапқа тартылуы тиіс деп есептейді.

"Шынын айту керек, ұшақтың құжаттары дұрыс тексерілмеген. Дұрыс қарамаған тұлғаларды жауапқа тарту туралы кезінде айтқанмын. Азаматтық авиацияда істеген кісілер тіркеу кезіндегі және ұшу сертификатын беру кезінде тексерген кісілер жауапқа тартылуы керек еді", – дейді Индустрия және инрфрақұрылымдық даму министрлігінің ұшақ апаттарын тергеу бойынша бас сарапшысы Нұрлан Ақұлов.




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30