Үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі

20 қазан 2020, 13:07

Бүгін біз үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисін қарастырамыз!

Қызметті пайдалану үшін сізге:
 Үшінші тұлғаға порталда авторизациялану және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту қажет.
Электрондық анықтамаға тапсырыс беру қажет жеке тұлғаның (пайдаланушының) ЖСН енгізу және "Пайдаланушыны тіркеудің бар болуын тексеру" батырмасына басу керек.
 Керек анықтаманы таңдап, ЭЦҚ-мен (электрондық-цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою керек.
 Жеке кабинетте («Қызметтер алу тарихы» бөлімінде) қызметті көрсету нәтижелерімен танысу.

Қызмет туралы көбірек біле аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_sr11

Біздің жаңалықтарды қадағалап отыруларыңызды сұраймыз!