Ел жаңалықтары

Үсік жүреді: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

  • https://iz.ru

    https://iz.ru

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы жылы болады, тек шығыста үсік жүруі мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.


Синоптиктердің мәліметінше, республиканың оңтүстік жартысына белсенді бұлт құйыны жылжып келеді, ол кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр тудырып, Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал.


Ал Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік-батыс аймағынан жылжып жатқан атмосфералық фронттар республиканың батыс және солтүстік өңірлерінде найзағаймен жаңбыр, екпінді жел әкеледі деп болжануда.


Мұндай ауа райы кезінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады деп болжанады, ал үсік Қазақстанның тек шығысында болуы ықтимал.


Ірі қалалардағы ауа райы


14 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда түнде 10 градус нөлден жоғары, ал күндіз 19 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде плюс 15, күндіз 22 градус болады. Шымкентте түнде сынап бағанасы +16 градусты көрсетсе, күндіз 26 градусқа дейін жылынады.


15 қыркүйекте елордада түнде 10 градус, күндіз 20 градус жылы болады. Алматыда түнде 17 градус нөлден жоғары болса, күндіз 18 градус жылы болмақ. Шымкентте түнде 18 градус, күндіз 24 градус жылы.


16 қыркүйек астанада түнде 12, күндіз 21 градус нөлден жоғары. Алматыда түнде +13, күндіз +20 градус болды. Шымкентте түнде 15 градус жылы, күндіз сынап бағанасы +25 градусты көрсетеді.


 


 




Көрілген: 870    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 17:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31