Үстел теннисі: қазақстандық спортшы Катарда екі «күміске» ие болды

09 наурыз 2022, 16:07

Жұптық сында ол тунистиік спортшымен бірге күміс жүлдегер атанды

Катарда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында «WTT Youth Star Contender» турнирі өтуде. Аталған сынға қазақстандық Алан Құрманғалиев та қатысып жатыр, деп жазады Olympic.kz.

 
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы екі күміс медаль жеңіп алды.

Жекелей сында ол катарлық Мохаммед әл Салуатиді 3:0, тунистік Юссеф Айдлиді 3:0, австриялық Юлиан Рзихаушеканы 3:1, болгариялық Ян Величковты 3:1 есебімен жеңіп, финалда жапониялық Тамито Ватанабеден 1:3 есебімен ұтылды.

Жұптық сында Кұрманғалиев тунистиік Юссеф Айдлимен бірге күміс жүлдегер атанды.