Үстіне секірген: Ақтауда жігітті аяусыз ұрған сәті видеоға түсіп қалған

10 қазан 2021, 09:54

Ақтауда караоке-клубтың жанында ер адамды ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Бұл жағдай полиция назарына ілікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 9 қазанға қараған түні 7 шағын аудандағы караоке-клубтың жанында болды. Ер адамды ұрып-соққан сәт сыртқы бақылау камерасының объективіне түсті. Бейнежазбада бірнеше жас жігіттің жәбірленушіні қоршап алғаны, ал біреуі оның үстіне секіргені бейнеленген.

  https://vk.com/video322074173_456239317

Полиция қоңырау түспегенін хабарлады, бірақ бақылау камераларынан жағдайды көрген жедел басқару орталығының операторы жақын маңдағы полиция экипажын осы мекен-жайға жіберді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушылары бір-бірімен таныс екенін анықтады. Олар бір-біріне ешқандай шағым, талап немесе арыз бермеген.