Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Үйдің кірпіші цементсіз қаланған": Қарағанды облысындағы әкімдік желідегі видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

31 мамыр 2022, 15:02

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауылының тұрғындары видео жариялап, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйдің сапасына шағымданған. Сөздерінше, үйдің кірпіштері цементсіз қаланған. Бұл жағдайдан кейін Жаңаарқа ауданының әкімдігі көпқабатты үйге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жаңаарқа ауданының тұрғыны жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің құрылыс алаңына барып, видео түсірген. Ол қабырғасы тұрғызылған нысанның үстіне шығып, кірпіштер еш бекітілместен, цементсіз қаланып жатқанын көрсетеді. Қазір видео әлеуметтік желіде таралып жатыр. 

Аудан басшылығы бұл жайтқа қатысты түсінік берді. 

"Әлеуметтік желілерде жарияланған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын тексеру бойынша аудан әкімдігінің жанынан арнайы комиссия құрылды. Бүгін сағат 10:00-де аудан әкімінің орынбасары Айқын Елеусізов, құрылыс бөлімінің басшысы Тоқсан Бабасов, аудан прокурорының көмекшісі Мақсат Балташев, қоғамдық кеңес мүшесі Рабани Нұркеев, "Аmanat" партиясының хатшысы, аудандық депутат Өмірзақ Уалиев, сондай-ақ аудан тұрғыны Алмас Қайранбеков барып тексерді. Нысанның басында бас мердігер, техникалық қадағалау мамандары болмағандықтан, аталмыш мамандар шақырылып, қосымша кездесу жоспарланды. 

Құрылыс басында жүрген жауапты құрылыс жетекшісіне әзірше құрылысты тоқтату туралы тапсырма берілді", – деді Жаңаарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.