Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Үздік ғалымдарға 5,8 млн теңге сыйақы беріледі

05 ақпан 2021, 09:59

Елімізде «Үздік ғылыми қызметкер» атағы тағайындалатын болды. Ол отандық ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымға ынталандыру мақсатында беріледі. Ал сыйақы көлемі 5 млн 834 мың теңге, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Сенат депутаттары бүгін ғылым туралы заңға осындай өзгеріс енгізіп, құжатты бірінші оқылымда қабылдады. 

Жауапты ведомство өкілдерінің айтуынша, жылына 50 ғалымды марапаттау жоспарланған. Бұл жастардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, ізденісте жүрген ғылыми қызметкерлердің бәсекеге қабілеттігін арттырмақ. 

"Бүгінгі күні заң жобасында қарастырылып отырған норма Білім және ғылым министрлігіне Ереже құру бойынша құзіреттілік беріліп отыр. Ғылыми қауымдастықпен комиссияның жұмысы және нақты қызметкерлерді таңдау критерийлері бойынша тиісті жұмыстар басталды", - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.