Ұзынағашта атыс болып, бір адам көз жұмды

05 тамыз 2022, 12:21

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 4 тамызда 16:20 шамасында Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатын алған үш адам жеткізілген. Алайда жансақтау бөліміне жеткізілген соң жарақат алғандардың бірі көз жұмған. 

"Полиция аталған дерек бойынша мән-жайды анықтау және қылмысқа қатысы бар күдіктілерді ұстау бойынша барлық шараларды қабылдады. Іздеу шаралары кезінде полицияның жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды", – делінген хабарламада. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті тұрғындар арасында атыс болған. Қазір жанжалға қатысқандардың жеке тұлғасы анықталған, оларды қолға түсіру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр.