Вакцина алмағандар "қызыл" аймақта да сауда орталықтарына еркін кіре алады

19 ақпан 2022, 00:59

"Сары" аймақтағы қызметтің барлық түрлері үшін шектеулер алынып тасталды

Елдің бас мемлекеттік санитари дәрігері Есмағамбетова "Ashyq" жобасына қатысушылар үшін қолданыстағы шектеулерді жеңілдетуді көздейтін қаулыға қол қойды.
Осыған орай "қызыл" аймақтағы мәртебесі "көк" тұрғындар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды. Енді олар:

  • көпшілік жиналатын орындарға – үй-жайлар 70%-ке дейін толған кезде,
  • ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлері мен сауда желілеріне, көрмелерге, караокеге,
  • түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шараларға,
  • ойын клубтарына, казиноға, сондай-ақ салтанатты жиындарға,
  • ас беруге, көпшілік және өзге де іс-шараларға еркін бара алады.

"Сары" аймақтағы қызметтің барлық түрлері үшін шектеулер алынып тасталды.
Өзге карантиндік жеңілдіктер туралы мына жерден біле аласыз.

sputnik.kz