Ел жаңалықтары

«Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтырып жатыр» – министрлік

  • «Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтырып жатыр» – министрлік

    «Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтырып жатыр» – министрлік

Инфекцияға қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сауалға берген жауабында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай тіркелді. Вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырудың ең ұзақ мерзімі екінші компонентін салдырғаннан кейінгі төртінші аптада тіркелген", - деді ведомство өкілі.

Ведомство коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын айтты.

Бұған дейін Алматыда вакцина салдырған дәрігер коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Алайда ол жұқтыру қаупі туралы білгенін және әлі де вакцина салдыруды ұсынатынын айтқан.

Медицина докторы, биолог және Medsupportkz басшысы Ботагөз Каукенованың айтуынша, адам вакцинациядан кейін, вакцинация салынған күні де коронавирус жұқтырып алуы мүмкін.

"Вакцинада антиденелер жоқ. Оларды вакцинаға жауап ретінде сіздің ағзаңыз жасайды. Антиденелер жасау үшін денеге уақыт қажет. Бұл әдетте 2-3 аптаға созылады. "Спутник V" бірінші дозасынан кейін 3 аптадан кейін екінші дозаны салдыру керек. Одан кейін 2-3 аптадан соң денеде антиденелердің жақсы деңгейі пайда болады", - деп түсіндірді ол.




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 16:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31