Ел жаңалықтары

“Вакцина салғызбағандардың соңына түспейміз” - Бас санитар дәрігер

  • “Вакцина салғызбағандардың соңына түспейміз” - Бас санитар дәрігер

    “Вакцина салғызбағандардың соңына түспейміз” - Бас санитар дәрігер

Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов вакцина салмаған адамдар қудаланбайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз бірнеше рет вакцинация - ерікті іс деп айттық. Вакцинация туралы шешім қабылдаған әрбір адам өзінің және ерікті шешімінің негізінде шешім қабылдайды. Егер ол вакцинациядан бас тартса, онда біз оны статистикаға қосу үшін қудалау шараларын жүргізбейміз", - деді бас санитар дәрігер.

 Сонымен қатар ол вакцинацияға ниет білдірген азаматтар препаратты қашан алатынын айтты.

"Қазіргі таңда тиісті топтарға вакцина салынды. Наурыз-сәуір айларында өндірістің ай сайынғы өсімі болады деп күтеміз, наурыз айына дейін вакцина өндірісі айына 160 мың дозаға дейін, сәуірде 600 мың дозаға дейін ұлғаяды. Сондықтан, халықтың тиісті топтары вакциналармен қамтылғаннан кейін, сәуір айының соңына қарай вакцинацияға ниет білдірген азаматтар нарықта қол жетімді вакцинаны пайдалана алады деп ойлаймыз", - деді  Ерлан Қиясов.




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 21:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30