Ел жаңалықтары

«Вакцина салмасаң, анықтама бермейміз»: Түркістанда тұрғындарға вакцинаны мәжбүрлеп салып жатыр

  • «Вакцина салмасаң, анықтама бермейміз»: Түркістанда тұрғындарға вакцинаны мәжбүрлеп салып жатыр

    «Вакцина салмасаң, анықтама бермейміз»: Түркістанда тұрғындарға вакцинаны мәжбүрлеп салып жатыр

"Екпе салдырмасаң, тиісті құжатыңды бермейміз!". Түркістан облысының медицина қызметкерлері бір тұрғынды осылай ырқына көндіріп, қаламаса да екпе салдырып жіберіпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарттық порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Ал вице-министр министрліктен мұндай нұсқау болған жоқ дегенді айтады.

Лаура, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қызым екі күндей тұмау болып, ауырып жатып қалған үйде, сабақтан қалып. Сосын апайы анықтама әкел деген соң әкесі больницаға барды. Анықтама сұраған, мектеп сұратып жатыр қызымның сабақтан қалғанына деп. "Сен вакцина алмасаң саған анықтама бермейміз" деген. Негізі салдырғысы келмеген еді...

Бұл жолы да министрліктегілер "екпе тек ерікті" түрде салынады деуден жаңылған жоқ. Мұндай факт анықталса, емхана қызметкеріне тиісті жаза қолданамыз деп қосты.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол асыра сілтеулік деп есептейміз. Министрліктен мұндай нұсқау болған жоқ. Сондықтан ондай жағдайлар болса, қандай мекемеде дәл факті берулеріңізді сұраймыз.

Ажар Ғиниятқызы, вакцинаны күштеп салдырып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталса кім жауап беретінін де нақтылады.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Денсаулығына ертең зиян келетін болса, соған қарамастан ол адам вакцина алған соң жағдайы нашарлайтын болса, сол вакцина салған мекеме жауап береді. Қазір қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы үш препарат ұсынылып отыр.

Олар: отандық "QazCovidIn", ресейлік "Sputnik V" және Қытайдың мен Біріккен Араб Әмірлігінде құйылған "Hayat Vax". Қазақстандық пен қытайлық екпенің 2-нші дозасының уақыты 3-4 апта аралығы. Ал ресейлік вакцина түсініксіз. Министрлік өкілдері, бастапқыда 21 күн десе, мамыр басталғалы 45-90 күн күту қажет дегенді айтып жүр.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өндірушілердің кеңесіне байланысты, олардан келген ресми хатқа байланысты 45 күнге дейін созылып отыр. Егер 1 компонентін алған адам 45 күнге дейін алғысы келген ойы болса ол вакцинаның екінші компонентін ала алады.

Министрлік екпе алғандар саны сәуірде 12 есеге артқанын айтты. Қазіргі таңда тәулігіне орташа есеппен 60 мыңдай адам иммундалады екен. Айта кетейін, вакцина алған азаматтардың ішінде 0,02 пайызы коронавирус жұқтырып алған.




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 12:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30