Ел жаңалықтары

Вакцинадан соң қайтыс болған марқұмның жақындары: Бұл дәрігерлердің салғырттығы

  • Вакцинадан соң қайтыс болған марқұмның жақындары: Бұл дәрігерлердің салғырттығы

    Вакцинадан соң қайтыс болған марқұмның жақындары: Бұл дәрігерлердің салғырттығы

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған Алматы қаласының тұрғыны жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Дәрігерлер тұрғынның өлімі себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Марқұм жүрек жеткіліксіздігімен ауырды, сол себепті ол қайтыс болды. Мамандар әлі де қажетті сараптамаларды жүргізіп жатыр, бірақ мамандар «Sputnik V» вакцинасының адам өліміне әсері жоқ деп отыр.

«Сол күні науқас жүгінді, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Дәрігерлер оны қарады. Вакцинаның екінші компонентін алды. Екпе ссалынған соң 30 минуттай бақылауда болды. Шағымдар болмаған соң, ол үйіне жіберілді», - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Лаура Мырзағали.

Ал марқұмның әпкесі мұнымен келіспейді. Оның айтуынша, ағасы Бақытжан Нұртазин инъекциядан кейін емханадан бірден кетіп қалған. Оның айтуынша, ағасында вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болуы мүмкін. 42 жастағы ер адам қан қысымының көтеріліп тұрғанын айтқан.

«Спутниктің» алғашқы дозасын алған кезде де қан қысымы қалыптыдан жоғары болды. Бірақ бұған қарамастан дәрігерлер оны вакцинация бөлмесіне кіргізді. Ол үйге келіп анасынан: «Қысымның 140-тан 90-ға дейін болуы қалыпты жағдай ма?», - деп сұрады. Анам: «Жоқ, қалыпты емес, бұл қан қысымы жоғары» деді. Ол өзінің қан қысымы осылай жоғары болып тұрғанын айтты. Яғни, бастапқыда дәрігерлер алғашқы вакцинаны тағайындаған кезде де белгілер болды. Бастапқыда процестің өзі, бірінші вакцинадан өлімге дейін және жедел жәрдем шақырғанға дейін, дәрігерлердің салғырттығы байқалады», - деді әпкесі Юлия Нұртазина.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы  №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді.




Көрілген: 799    Пікірлер: 0

жұма, 07.05.2021, 16:27

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30