ММУ биология факультеті вирусология кафедрасының профессоры Алексей Аграновский Sputnik радиосына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырмаудың салдары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл эпидемиология тұрғысынан дұрыс емес. Бір ғана компонентті салдырса, иммунитет әлсіздеу болады", – деді ол.
Маманның айтуынша, вакцинация курсын толық аяқтамағандар коронавирус жұқтыруға бейім тұрады. Мұндай адамдар үшін, әсіресе "дельта" штаммы өте қауіпті.
"Неге екі екпе алу керек? Вакцина "ухань" штаммы үшін жасалды, бірақ кейін "дельта" штамм келді. "Спутник V" вакцинасының бастапқы штаммға қарсы тиімділігі 90 және одан да көп пайызды құрады. Ал "дельтаға" 80%. Бұл бәрібір де көп. Мұның бәрі жұмыс істеу үшін схема бойынша вакцина салдыру қажет", – деп кеңес берді А.Аграновский.