Ел жаңалықтары

Видео желіде тарап кетті: алматылық блогер не үшін ұсталды

  • Видео желіде тарап кетті: алматылық блогер не үшін ұсталды

    Видео желіде тарап кетті: алматылық блогер не үшін ұсталды

Ер адам Оралға Ресейден келген. Ол екі апта бойы үйде болуы тиіс еді. Алайда бұл шектеуді орындамаған. Алматылық блогер Оралда карантин режимін бұзғаны үшін ұсталды. Ол достарымен қаладағы дәмханалардың бірінде отырыс жасаған.

Полиция қызметкерлері видео желіде тараған соң ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция үш адамның карантин режимін бұзғаны туралы ақпарат алған соң жедел-іздестіру шараларын қолға алды.

"Қазіргі уақытта бәрі ұсталды. Әкімшілік кодекстің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, дәмхана иесіне қатысты да шара қолданылады", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының тұрғыны Оралға 31 наурыз күні Ресейден келген. Ол кезде қалада карантин енгізілмеген.

Белгібековтың айтуынша, ер адам 14 күн үйде болуы тиіс еді. Алайда ол бұл шектеуді орындамаған.

"Жазаны сот анықтайтын болады", – деді Болатбек Белгібеков. 




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31