Ел жаңалықтары

Вирустардан қорғайтын ең пайдалы азық-түліктер қандай

  • Вирустардан қорғайтын ең пайдалы азық-түліктер қандай

    Вирустардан қорғайтын ең пайдалы азық-түліктер қандай

Испаниялық дәрігерлер адамның иммундық жүйесін күшейтуге, ағзаға түрлі вирустарға төтеп беруге көмектесетін азық-түліктердің тізімін жасап шығарды деп хабарлдайды KAZ.NUR.KZ "Российская газетаға" сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Атап айтқанда, испаниялық мамандар аурудың дамуын тежеуге немесе суық тию, тұмау мен басқа да дерттердің белгілерін жоюға ықпал ететін азық-түлік түрлерін атады.

Олардың ішінде ең пайдалысы – құрамында аллицин қосындысы және антиоксиданттық қасиеті бар Е дәруменіне бай азық-түліктер жатады.

Осылайша, иммундық жүйеге ең пайдалы он азық-түліктің қатарына аллицин қосындысы бар сарымсақ, Е дәруменіне бай бадам, антиоксиданттық қасиеті бар қаражидек, тауық сорпасы, брокколи, саңырауқұлақ, қара шоколад және цитрус жемістері кіреді.

Дәмдеуіштердің ішінде – зімбір мен куркума, ал сүт өнімдері арасында – айран ең пайдалы деп танылды.

Сондай-ақ мамандар киви, анар жемістерін жиі тұтынып, тамаққа қызыл болгар бұрышы мен асжапырақты көп қосуға кеңес берді.

 
 

Ал антиоксиданттарға бай көк шай иммундық жүйенің қызметіне оң ықпал ететін пайдалы сусын ретінде танылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлемде қатерлі вирустан қорғанудың қандай тиімді тәсілдері бар екенін жазған болатынбыз.

 

 




Көрілген: 1112    Пікірлер: 0

жұма, 13.03.2020, 14:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30