Ел жаңалықтары

Вокзал ішіне қолында билеті бар жолаушылар ғана кіре алады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

2020 жылдың 1 маусымынан бастап карантин шараларының бәсеңдеуіне байланысты қалааралық жол қатынастары жанданады, соның ішінде пойыздар жүре бастайды.

 

Қала әкімдігі билеттерді сату 15 мамырдан қолға алынғанын хабарлаған. Сондықтан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жұмыстарын бастады.

Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясы жағдайында "Алматыэлектротранс" ЖШС санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтайды. Көліктегі санитарлық нормалардың барлығы сақталады. Вокзалға кіреберісте тепловизордың көмегімен жолаушылардың температурасы өлшенеді. Вокзалға толықтай санитайзерлер орнатылған, қызметкерлер маскамен және қолғаппен жұмыс істейді, кесте бойынша дезинфекциялық заттармен нысан іші мұқият өңделеді. Вокзал ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер мен қоршаулар қойылған,-делінген хабарламада.

 

Енді қауіпсіздік ережелері бойынша вокзал ішіне тек қолындағы билетімен жолаушылар ғана кіре алады, шығарып салушылар ішке жіберілмейді.

 

Билет сататын кассалар кесте бойынша таңғы сағат 9.00 ден 24.00-ге дейін жұмыс жасайды. Билет алуға ниет білдірген жандар үшін кіретін жеке есік қарастырылған. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін болашақ жолаушылар төрт адамнан жіберіледі,-делінген хабарламада. 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 203    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 16:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31